Батыс Қазақстанда 29982,1 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді
ОРАЛ. 20 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы жеті айда 29982,1 млн. теңгенің ауыл шаруашылығы өнімдері өндірілді.
Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, соның ішінде 4224,0 млн. теңгенің өнімі өсімдік, 25646,4 млн. теңге мал шаруашылығының үлесіне тиеді. Өсімдік шаруашылығындағы өнім көлемі өткен жылғыдан 15,5 пайызға өссе, мал шаруашылығында 2,7 пайызға кеміді.
Жыл басынан бері тірілей салмақпен алғанда 37,7 мың тонна ет (96,8 пайыз), 137,4 мың тонна сүт (97,2 пайыз), 82,3 млн. дана тауық жұмыртқасы (101,7 пайыз) өндірілді.
Биылғы 1 тамызға өңірде 432,5 мың бас ірі қара (2011 жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 96,8 пайыз), 882,8 мың қой (104,2 пайыз), 215,3 мың ешкі (97,8 пайыз), 92,5 мың жылқы (111,5 пайыз), 3,5 мың түйе (96,9 пайыз), 24,8 мың шошқа (89,5 пайыз), 1003,9 мың құс (102,2 пайыз) санаққа іліккен.