Батыс Қазақстанда 32,2 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылып, өткен жылғыдан 23,2 пайызға асып түсті

ОРАЛ. Шілденің 15-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші жартыжылдықта 32,2 млрд. теңгенің құрылыс жұмыстары атқарылды, бұл өткен жылғыдан 23,2 пайызға артық, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы алты айда 638 жаңа ғимарат пайдалануға берілсе, соның 520-сы - тұрғын үйлер.

Бірінші жартыжылдықта тұрғын үй құрылысына 3,5 млрд. теңге жұмсалды. Жалпы көлемі 76,1 мың шаршы метр тұрғын үй беріліп, өткен жылғыдан 36,1 пайызға асып түсті. Жергілікті бюджет қаржысына 20,5 мың шаршы метр, тұрғындар есебінен 55,6 мың шаршы метр үй бой көтерді.

Жыл басынан бері төрт денсаулық сақтау нысаны салынды.

Соңғы жаңалықтар