13:37, 22 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда 369 есептік кездесу өткізілді
ОРАЛ. Қаңтардың 22-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында барлық деңгейдегі әкімдердің 369 есептік кездесуі өткізіліп, оған 25352 адам қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Соның ішінде 1322 тұрғын кездесулерде сөз алды. 1138 ұсыныс-пікірдің дені, яғни 1133-і әлеуметтік мәселеге қатысты. Айталық, электрлендіру, газдандыру, телефондандыруға байланысты 216 ұсыныс айтылса, 198-і білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет нысандарын салу мен жөндеуге қатысты болды. Ауыз су мәселесін қозғағандар да (125) аз емес.