01:40, 31 Мамыр 2015 | GMT +5
Батыс Қазақстанда 40-43 градус ыстық болуы ықтимал
ОРАЛ. ҚазАқпарат - «Қазгидромет» РМК БҚО филиалының мәліметіне қарағанда, 31 мамыр және 1 маусым күндері БҚО-ның кей жерлерінде 40-43 градус ыстық болуы ықтимал.

Осыған байланысты БҚО ТЖ департаменті ескерту жариялады. Тұрғындар арасында төтенше жағдайларды болдырмау бағытында тиісті шаралар алынып, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылды.
Айта кетейік, өңірде аптап ыстық бірнеше күнге созылып отыр.