Батыс Қазақстанда 66 мыңнан астам адам ревакцинациядан өтті
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында 66 064 адам реквакцинациядан өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, осы кезге дейін облыс бойынша 272 888 адам бірінші компонентпен егілді, бұл – егілуге жататын тұрғындардың 65,8 пайызы.
Соның ішінде 260 761-і (62,9 пайызы) екінші компонентті қабылдады.
Pfizer компаниясының вакцинасымен 10 623 адам егілсе, соның 397-сі – жүкті, 4 705-і – бала емізетін әйелдер, жетеуі – мүгедектер.
Басқарма хабарлағанындай, пандемия басталғаннан бері 49 628 науқас анықталса, соның 9 558-і биылғы жылдың үлесіне тиеді.
Соңғы кезде стационарлық ем алып жатқандар саны едәуір азайды. Қазіргі таңда 751 төсектік 14 ауруханада 11 науқас қана қалды. Соның төртеуі ауыр халде.
Жыл басынан бері коронавирустан 42 адам көз жұмды.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын дәрігер Дәния Жанаисованың жұқпалы дерттердің ішінде ең қауіптісі коронавирус екендігі жөнінде айтқанын жазған болатынбыз.