Батыс Қазақстанда 950 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді

ОРАЛ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы 950 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімдері өндірілді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықовтың айтуынша, өндіріс көлемінің өсуі өнеркәсіптің барлық салаларында байқалады, соның ішінде өңдеу өнеркәсібіндегі өсім 5,8 пайызды құрады. Металл өңдеу ? 1,3 есеге, мұнай өнімдері ? 21,4, азық-түлік 7,3 пайызға ұлғайды. Облыстың бірқатар кәсіпорындарына жаңа технологиялар енгізілді. Мысалы, «Батыс Қазақстан машина жасау компаниясы» АҚ негізінде жоғары қысымды ыдыстар және газ сығымдау стансасы жабдықтарын өндіру цехы қайта жаңартылды. Ал «Интергаз Орталық Азия» АҚ «Мақат» компрессорлық цехын да қайта жаңарту мүмкіндігі қарастырылуда. Құрылыс индустриясы саласында да бірнеше жоба жүзеге асырылып жатса, Оралда биыл газтурбиналық электр стансасын пайдалануға беру көзделіп отыр.
Соңғы жаңалықтар