Батыс Қазақстанда әділет департаментінің басшысы ауысты

ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - ҚР Әділет министрлігі жауапты хатшысының бұйрығымен ротация тәртібімен Бақытбек Ерғалиев Батыс Қазақстан облысы әділет департаментінің бастығы болып тағайындалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 1954 жылы дүниеге келген Б.Ерғалиевтің мамандығы ? заңгер. Еңбек жолын Қызылорда облысында бастап, облыс прокурорының бірінші орынбасарлығына дейін көтерілген ол содан соң Атырау, Оңтүстік Қазақстан облыстарының прокуроры болды. Соңғы бес жылда Қызылорда облыстық әділет департаментін басқарды.
Соңғы жаңалықтар
Референдум