Батыс Қазақстанда әкімдер есеп беруде

ОРАЛ. Қаңтардың 15-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында барлық деңгейдегі әкімдер халықпен есептік кездесулерін өткізуде,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Сырым ауданының әкімі Ерлан Нысанғалиев Елтай, Талдыбұлақ, Аралтөбе ауылдық округтерінде тұрғындармен кездесті. Онда өткен жылы атқарылған жұмыстар, Сырым ауданына жыл аяғына газ келетіндігі, басқа да жаңалықтар айтылды. Тұрғындар ауыл көшелеріндегі жарық пен тазалық, ауыз су, телефон байланысы, медициналық мамандар тапшылығы, білім ошақтарын жөндеу мәселелерін көтерді. Ақжайық ауданының әкімі Абай Иманғалиев Алмалы, Тайпақ ауылдарында өткен есептік кездесулерінде әр сала бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды. Ауданның 80 жылдығы лайықты аталып өтсе, алдағы жылы ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығы кең көлемде тойланатын болады. Ауыл адамдары өңірдегі өркенді өзгерістерді құптайтынын айтып, өз тілектерін де жеткізді.
Соңғы жаңалықтар