11:24, 02 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда әкімдердің 433 кездесуі өткізіліп, оған 38 мыңнан астам адам қатысты
ОРАЛ. Ақпанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында әкімдердің 433 есептік кездесуі өткізіліп, оған 38524 адам қатысты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Жиындарда 1626 адам сөз сөйлеп, бір сын-ескертпе, 1558 ұсыныс айтылды. Мұның дені әлеуметтік сипатта болды. Бұл орайда 1550 ұсыныс білдірілсе, соның 359-ы ? елді мекендерді электрлендіру, газдандыру, телефон орнату, 158-і - әлеуметтік сала нысандарын жөндеу мен салу, 152-сі ? ауызсу, 150-і ? абаттандыру, санитарлық және экологиялық, 130-ы жол мәселесіне қатысты болды.