Батыс Қазақстанда әкімдердің есеп беру кездесулері басталды

ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында әкімдердің тұрғындар алдында есеп беру кездесулері басталды.
None
None
Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары Закария Сисенғалидың ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, бүгін ауданда он төрт елді мекенде кездесулер өтуде. Айталық, Мәстексай ауылдық округінің әкімі Еркін Сапаров Мұқырда есеп берсе, бұл шараға аудан әкімі Төлеген Мерғалиев те қатысты. Сол секілді Бірлік ауылдық округінің әкімі Жанғали Борашев Ақбалшық, Үшкемпір, Жаңақазан әкімі Ғайнолла Мирманов Жуалыой, Балдырған елді мекендерінде тұрғындармен кездесті. Осындай кездесулер басқа да аудандарда өткізілуде. Жүздесулерде әкімдер есеп беріп қана қоймай, тұрғындар өз ұсыныс-пікірлерін де білдіруде.
Соңғы жаңалықтар