11:38, 08 Сәуір 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда ақын Ж.Молдағалиевтің 90 жылдығына орай «Жайықтың Жұбаны» атты жыр мүшәйрасы жарияланды
ОРАЛ. Сәуірдің 8-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО әкімдігі мен мәдениет басқармасының қолдауымен және облыстық халық шығармашылығы орталығының ұйымдастыруымен ақиық ақын Жұбан Молдағалиевтің 90 жылдығына орай «Жайықтың Жұбаны» атты облыстық жазба ақындар мүшәйрасы жарияланды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Биылғы қазан айында қорытындыланатын жыр бәйгесіне 18-40 жас аралығындағы танымал ақындармен қатар жас талапкерлер қатыса алады. Олар Жұбанға арналған өлеңін, сондай-ақ ақын жырларын мәнерлеп оқиды. Бірінші орын бір адамға берілетін болса, екінші орынға - екі, үшінші орынға үш жүлдеден белгіленіп отыр.