Батыс Қазақстанда әлеуметтік сала нысандарын күрделі жөндеуге 4,8 млрд. теңге қарастырылып отыр
ОРАЛ. Сәуірдің 10-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік сала нысандарын күрделі жөндеуге 4,8 млрд. теңге қарастырылып отыр,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы бастығының орынбасары Серік Шапкеновтің айтуынша, биыл 49 мектеп, 7 балабақша, 10 аурухана, 6 дәрігерлік амбулатория күрделі жөндеуден өтеді. Сондай-ақ қоғамдық көлікте студенттердің жолақысына жеңілдік жасалуы үшін облыстық бюджеттен 110 млн. теңге бөлінді. Шағын несиеге 250 млн. теңге, жұмыссыздықты жою, мамандарды қайта оқыту үшін 300 млн. теңге қарастырылған.
Керісінше биыл әкімшілік шығын 1,2 млрд. теңгеге қысқартылып отыр.