16:35, 12 Қаңтар 2010 | GMT +5
Батыс Қазақстанда әлеуметтік жұмыс орындарына 3622 адам орналасты
ОРАЛ. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында әлеуметтік жұмыс орындарына 2009 жылы 3622 адам орналасты,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасынан түскен мәліметке сілтеме жасап.
Бұл жоспарланған орыннан (2355) 53,8 пайызға артық. Осы мақсатқа республикалық бюджеттен 211,492 млн. теңге бөлініп, ол толықтай игерілді. Әлеуметтік жұмыс орындарын ашу үшін 488 мекеме-ұйыммен келісім-шарт жасалды.