Батыс Қазақстанда ауыл әкімдері бір-бір «УАЗ» көлігін мінді
ОРАЛ. 21 маусым. ҚазАқпарат - 20 маусым күні облыс әкімінің бірінші орынбасары Ғұмар Дүйсембаев Қазталов ауданына сапары кезінде
Көктерек, Қарасу, Талдыапан, Талдықұдық, Болашақ ауылдық округі әкімдеріне қызметтік «УАЗ» автокөліктерінің кілттерін табыс етті.
Көктерек ауылының әкімі Данияр Қайратов алыс ауылдар үшін мұндай көліктердің өте қажеттігін айтып, осыған орай қолдау көрсеткен облыс, аудан әкімшіліктеріне алғысын білдірді.
Сол күні Ғ.Дүйсембаев облыстық басқарма, департамент басшыларымен бірге ауданда көшпелі мәжіліс өткізіп, онда осы өңірдің жетістік-кемшіліктері сараланды. Алда тұрған басты міндеттерге назар аударылып, нақты тапсырмалар берілді.