Батыс Қазақстанда ауыл-аймақ абаттандырылуда
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Жәнібек ауылын абаттандыру бағытында негізгі көшелерге жаяу жүргіншілерге арналған тротуар төсеу жұмыстары да жүргізілуде. Бұған облыстық бюджеттен 52,4 млн. теңгеге жуық қаржы бөлініп, құрылыс-монтаж жұмыстарына 50 миллионнан астам теңге қаралған.
Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі Еділ Хабиевтің сөзіне қарағанда, жүргіншілер жолының жалпы көлемі 6420 шаршы метрді құраса, соның 885 шаршы метріне өрнектас төселуде. Оның ұзындығы 590, ені 1,5 метрді құрамақ. Қалған 5535 шаршы метр жерге қатқыл табанды жол төселіп, оның ұзындығы 3690, ені 1,5 метр болады.
Тендерді ұтып алған мердігер «Айдана» ЖШС қазірдің өзінде атқарылуға тиісті жұмыстың 80 пайызын орындады. Аталған жұмысқа негізінен жергілікті тұрғындар тартылды. Сондай-ақ бұл жауапкершілігі шектеулі серіктестік аудан орталығындағы асфальт төселген жолдың 3200 шаршы метріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын да жүргізіп жатыр. Бұл жұмыстарға 16 млн. теңге қаржы қаралып отыр.