00:45, 21 Қыркүйек 2020 | GMT +5
Батыс Қазақстанда автокөлік өзенге түсіп кетті
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Батыс Қазақстан облысында автокөлік өзенге түсіп кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 19 қыркүйек күні сағат 23.00-де Бәйтерек ауданы Красный Урал ауылының шетінде болды.
26 жастағы жүргізуші Volvo-440 автокөлігінің руліне ие бола алмай, Шаған өзеніне түсіп кеткен. Ол автокөлікте жалғыз болған.
Жедел құтқару жасағының қызметкерлері (6 құтқарушы, 1 техника, 1 жүзу құралы) автокөлікті 20 қыркүйек күні сағат 15.00-де Шағаннан шығарып алды. Судың тереңдігі 2 метр, ені 10 метр.
Зардап шеккендер жоқ.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда көпқабатты үй өртеніп, 30 адамның эвакуацияланғанын жазған болатынбыз.