Батыс Қазақстанда «Айдап кету» жедел алдын алу шарасының қорытындысы шығарылды

ОРАЛ. 12 қараша. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 8-10 қарашада өткізілген «Айдап кету» жедел алдын алу шараларының қорытындысы шығарылды.

Батыс Қазақстанда «Айдап кету» жедел алдын алу шарасының қорытындысы шығарылды

Облыстық жол полициясы басқармасы баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, шара барысында барлығы 14 қылмыс ашылса, соның бесеуі айдап кету мен автокөлік ұрлығына қатысты болмай шықты. Екі рет өзге автокөлікке «мініп кеткен» С. деген азамат ұсталды. Жол полициясы қызметкерлері екі қылмыстың, соның ішінде «Ниссан-премьера» автокөлігінің айдалып кетуін ізін суытпай ашты. 41 жол кооперативі мен 79 автотұрақ тексеріліп, 7 иесіз көлік табылды.