Батыс Қазақстанда балық қорғау шаралары қолға алынуда

ОРАЛ. Наурыздың 4-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында балық қорғау шаралары қолға алынуда,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алдымен облыстық «Орал өңірі» газеті редакциясының бастамасын Әліби Сүндетов бастаған «Нұр Отан» ХДП Батыс Қазақстан облыстық филиалының жастар қанаты қолдап, олар Орал қаласының төңірегіндегі өзен-көлдерде бірнеше ондаған ойық ойып, балық құтқару ісі бойынша белсенділік танытқан еді. Бұдан кейін «Нұр Отан» ХДП Ақжайық аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Салауат Аймұқашев 18 ауылдық округтің аумағындағы өзен-көлдерде балық атаулыны жаппай қырылудан құтқару үшін ұзын-саны 563 ойық ойылғандығын хабарлады. Туған өлкенің табиғатын қорғауға тікелей қатысты шаруаны жоғары сынып оқушыларынан бастап жалпы аудан жастары үлкен құлшыныспен атқарды. Сол секілді «Нұр Отан» ХДП Сырым аудандық филиалына қарасты жастар қанатының атқарушы хатшысы Ерболат Исановтың айтуынша, Өлеңті өзенінің «тұрғындары» тұншықпас үшін аудан орталығындағы Қадыр Мырзалиев атындағы мектептің мұғалімдері мен №19 кәсіптік лицейде оқитын жастар сіресіп қатқан қалың мұзды бірнеше жерден ойып, ол ойықтарға қамыс-қоға салып, табиғат жанашырлары екендігін нақты іспен дәлелдеді.

Соңғы жаңалықтар