Батыс Қазақстанда балық өсіруге ерекше көңіл бөлінбек
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Шараға университет ректоры Қазыбай Бозымов, Зеленов ауданының әкімі Ғайса Қапақов, аудандағы шаруа қожалықтары мен агроқұрылым басшылары қатысты.
Қазыбай Бозымовтың атап өткеніндей, университет базасында инженерлік саладағы биотехнологиялық зертхана құрылған. Ең соңғы үлгідегі жаңа қондырғылар әртүрлі бағыттағы жоғары ғылыми-әдістемелік зерттеулер жүргізуге мүмкіндік береді. Соның ішінде жасанды жолмен балық өсіру, клеткалы өсімдік түрлерін көбейтуде біршама тәжірибе жинақталған.
БҚАТУ ихитология және балықтарды жасанды көбейту бағытында нақты жұмыстар атқарып келеді. Қазір университет "Каркула" шаруа қожалығымен бірлесіп балық шаруашылығы үшін ыңғайлы су қоймаларында бағалы балықтар өсірумен айналысуда. Мұндай бағыттағы жұмыстар тауарлы балықтардың көбеюіне мүмкіндік бермек.