Батыс Қазақстанда барлық деңгейдегі әкімдер есеп береді

ОРАЛ. Қаңтардың 6-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қаңтардың 12-сі мен ақпанның 14-і аралығында барлық деңгейдегі әкімдер есеп береді,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Қоғамды одан әрі демократияландыру, халықты елімізде жүргізіліп жатқан реформалардан хабардар ету, билік органдарының ел алдындағы жауапкершілігін арттыру мақсатында өткізілетін науқан барысында барлығы 440 кездесу болмақ. Алдымен ауыл әкімдері есеп берсе, аудан әкімдері қаңтардың 19-ында бастамақ. Қала әкімінің қорытынды кездесуі қаңтардың 30-ына белгіленсе, облыс басшысы ақпанның 12-сінде өңір тұрғындары алдында есеп береді. Тұрғындардың ұсыныс-пікірлерін жинақтау мақсатында елді мекендер мен Орал қаласында 457 арнайы жәшік орнатылды.
Соңғы жаңалықтар