Батыс Қазақстанда барлық деңгейдегі әкімдер есептік кездесулерін өткізеді

ОРАЛ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында барлық деңгейдегі әкімдер қаңтардың 10-ынан бастап есептік кездесулерін өткізеді,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.

Ақпанның 10-ына дейін созылатын науқан кезінде барлығы 460 кездесу ұйымдастырылмақ. Алдымен шағын елді мекендерде басталатын есептік жиындар одан кейін ауылдық округ орталықтарында жалғасады. Аудан, қала әкімдері мәслихат депутаттары алдында да есеп береді. Науқан облыс басшысының өңір тұрғындарымен есептік кездесуімен қорытындыланбақ.

Соңғы жаңалықтар