Батыс Қазақстанда байланыс кәсіпорындары 4748,0 млн. теңгенің қызметін көрсетті

ОРАЛ. Қаңтардың 21-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысының байланыс кәсіпорындары өткен жылы 4748,0 млн. теңгенің қызметін көрсетіп, жұмыс көлемі 2007 жылмен салыстырғанда 11,1 пайызға өсті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Тұрғындарға көрсетілген қызметтен түскен табыс 9,8 пайызға өсіп, 2327,3 млн. теңгені құрады. Байланыстан түскен табыстың 36,5 пайызы ? халықаралық және қалааралық, 19,5 пайызы ? жергілікті телефон байланысы, 6,5 пайызы ? радиобайланыс, радиохабары, теледидар, 13,3 пайызы ? Интернет қызметі, 5,5 пайызы пошта және курьерлік байланыс үлесіне тиеді. Ауылдық жердегі байланыс қызметінің көлемі 14,6 пайызға көбейіп, 910 млн. теңгеге жетті.
Соңғы жаңалықтар