Батыс Қазақстанда «Бекіре-2012» шарасы барысында заңсыз балық аулағандар құрықталды

ОРАЛ. 28 мамыр. ҚазАқпарат - «Бекіре-2012» жедел алдын алу шарасы барысында облыстық ішкі істер департаменті табиғат қорғау және малдәрігерлік полиция бөлімінің қызметкерлері мен Жаңақала ауданының учаскелік инспекторлары Еділсор көлінде уылдырық

Батыс Қазақстанда «Бекіре-2012» шарасы барысында заңсыз балық аулағандар құрықталды

шашу мезгілінде заңсыз балық аулаған сегіз адамды құрықтады.

Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, олардың арасында Орал қаласы, сондай-ақ Жаңақала ауданының тұрғындары болған. Полиция үш екі кісілік резеңке қайықты, 180 метр ауды және 234 келі қара балықты тәркіледі.