Батыс Қазақстанда бейнебақылау құралының көмегімен 120 қылмыс ашылды

ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстанда бейнебақылау құралының көмегімен 120 қылмыс ашылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық ішкі істер департаменті жедел басқару орталығының басшысы, полиция подполковнигі Игорь Гуртовойдың айтуынша, мұның ішінде ұрлық, алаяқтық, кісі тонау, автокөлікті айдап кету, қарақшылық, бұзақылық та бар, сондай-ақ 7588 әкімшілік құқықбұзушылық, соның ішінде 3530 жол ережесін бұзу, 111 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Мемлекет пайдасына 2 млн. 421 мың 144 теңге өндірілді. Өңірде аталмыш орталық 2007 жыл аяғында енгізілген болатын. Орал қаласының күрделі деген аудандарына бейнебақылау жүйесін орнатуға облыстық бюджеттен 5 млн. теңге жұмсалды. Осындай құралдар Сырым, Тасқала, Жәнібек, Зеленов, Жаңақала аудандарында бар. Енді Қаратөбе мен Қазталовта орнатылмақшы. Он камера Ақсай қаласында да іске қосылатын болады.
Соңғы жаңалықтар