Батыс Қазақстанда білім беру бюджеті 28,9 млрд. теңгеге жетті

Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің сөзіне қарағанда, республикалық трансферттің барлық сомасы 17 млрд. 9 млн. теңгені құраса, оның ішінде «Жол картасы» жобасын жүзеге асыру есебінен - 7 млрд. 48 млн.теңге (күрделі жөндеу).
Облыс бойынша білім беру саласы нысандары бойынша ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін 324 млн. теңге қаражат бөлді. Ал күрделі жөндеу жұмысы бойынша 44 білім нысандарына 2 млрд. 3 млн. теңге қарастырылды.
Соңғы үш жыл ішінде 427 мектептің 201-і немесе әрбір екінші мектеп күрделі жөндеуден өтті.
2010 жылы республикалық бюджет есебінен Қаратөбе ауданының Қаратөбе ауылында 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп, жергілікті қазына қаржысына Теректі ауданы Жайық ауылында 96 орындық, Шыңғырлаудың Қуағашында 108 орындық мектептер жаңадан салынды. Шетелдік инвестиция есебінен Бөрлі ауданы Ақсай қаласында 900 орындық мектеп іске қосылды.
Республикалық бюджет қаржысына Тасқала ауылында салынып жатқан 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп құрылысы желтоқсан айында аяқталатын болады.