Батыс Қазақстанда бір ауданнан 20 оқушы «Алтын белгіден» үміткер болып отыр

ОРАЛ. Мамырдың 25-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - БҚО-ның Сырым ауданында 20 оқушы «Алтын белгіден», бір шәкірт ерекше аттестаттан үміткер болып отыр,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аудан әкімінің орынбасары Жолдыбай Батырниязовтың айтуынша, биыл ауданда 282 түлек мектеп бітірсе, соның 243-і ҰБТ-ға қатысады. Өткен жылы ауданда «Алтын белгіден» үміткер 12 оқушының 8-і өз білімін қорғап шыққан болатын. Аудан бойынша орташа жоғары 91 балл жинаған Қособа орта мектебіне биылғы соңғы қоңырау салтанатында аудан әкімі Ерлан Нысанғалиев «УАЗ» автокөлігін табыс етті.

Жалпы, білім мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңартуға ұдайы көңіл бөлініп келеді. Биылдың өзінде Талдыбұлақ, Бұлдырты орта мектептерін күрделі жөндеуге сәйкесінше 80 млн. және 85 млн. теңге бөлінді. Бұлан, Қособа мектептерінде мультимедиа кабинеттерін ашуға 11 млн. 078 мың теңге, Аралтөбе мектебінде биология кабинетіне 4 млн. 45 мың теңге қарастырылды. «Балапан» бағдарламасына сәйкес 39 млн. 662 мың теңгеге мектеп жандарында 16 шағын орталық, екі балабақша ашылады. Аудандағы кәсіптік мектеп те күрделі жөндеуден өткізілуде.

Соңғы жаңалықтар