16:58, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда бір жылда 29,2 млн. тонна жүк тасылды
ОРАЛ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 2008 жылы 29,2 млн. тонна жүк тасылды,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Өңірдегі автокөліктер 28,8 млн. тонна түрлі жүкті тасыды. Ал өзен кемелері 341 мың тонна жүк жеткізіп, мұндағы айналым 46 пайызға өсті.
Сондай-ақ бір жылда 220,5 млн. жолаушы көздеген жеріне апарылды, бұл алдыңғы жылғыдан 1,3 пайызға жоғары. Жолаушы айналымы 5,3 пайызға өсіп, 3654,3 млн. жолаушы-шақырымға жетті.