Батыс Қазақстанда бірінші тоқсанда 351,8 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

ОРАЛ. 13 сәуір. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биылғы бірінші тоқсанда 351,8 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді, бұл өткен жылғыдан 6,1 пайызға артық.

Батыс Қазақстанда бірінші тоқсанда 351,8 млрд. теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді

Облыстық статистика департаментінен хабарлағанындай, өнімнің дені кен өндіру өнеркәсібінің үлесіне тиеді. Мұнда жыл басынан бері 317,5 млрд. теңгенің өнімі шығарылды, бұл өткен жылғыдан 3,6 пайызға көп. Әсіресе, табиғи газ өндіру - 5,9, газ конденсаты 4,7 пайызға артты.

Өңірде өңдеу өнеркәсібінде 25,4 млрд. теңгенің өнімі өндіріліп, өткен жылғыдан 54 пайызға асып түсті.