Батыс Қазақстанда биыл 91 білім беру нысаны күрделі жөндеуден өткізілмек
Л. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл 91 білім беру нысаны, соның ішінде 17-сі «Жол картасы» бойынша күрделі жөндеуден өткізілмек.
Облыс әкімдігінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, осы мақсатқа барлығы 3,8 млрд. теңге, ал ағымдағы жөндеу үшін 340 млн. теңге қаражат жұмсалуда.
Облыстағы білім ордаларының күзгі-қысқы мезгілде үздіксіз жұмыс жасаулары үшін қажетті 18,3 мың тонна көмір және 4,7 мың тонна сұйық отынмен қамтамасыз ету мақсатында 448 млн. теңге қаражат бөлініп, мақсатты игерілуде.
Мектептерді пән кабинеттерімен жабдықтаудың іс-шараларына сәйкес 2009 жылы республика бюджеті есебінен 118,8 млн. теңге 29 биология, 150 млн. теңге 27 мультимедия кабинеттерін сатып алу үшін бөлінді.
Мектеп кітапханаларындағы оқулық қорын толықтыру және жаңартудың мемлекеттік бағдарламасын іске асару бағытында жергілікті бюджет есебінен 242 млн. теңге қарастырылып, жаңа буын оқулықтар алу үшін республикалық баспаларға тапсырыстар берілді. Ал мектеп және интернат асханаларына қажетті технологиялық құралдар алуға 80 млн. теңге кетпек.