Батыс Қазақстанда биылғы алты айда шағын кәсіпкерлік нысандары 130190 млн. теңгенің өнімін өндірді

ОРАЛ. Шілденің 20-сы. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында 16178 белсенді шағын кәсіпкерлік нысанында 67888 адам еңбек етеді,

Батыс Қазақстанда биылғы алты айда шағын кәсіпкерлік нысандары 130190 млн. теңгенің өнімін өндірді

олар биылғы алты айда 130190 млн. теңгенің өнімін өндірді, бұл өткен жылғыда 6,6 пайызға артық.

Облыстық статистика департаментінен ҚазАқпарат тілшісіне хабарлағанындай, шағын кәсіпкерліктің 2074 заңды тұлғасы (33408 адам) 116445 млн. теңгенің өнімін өндіруге қол жеткізді. 10554 жеке кәсіпкердің (23825 теңге) үлесінде - 11113 млн. теңгенің өнімі. 3550 шаруа қожалығы (10655) 2623 млн. теңгенің өнімін шығарды.

Өңірде биылғы шілденің 1-іне дейін 4178 шағын бизнес кәсіпорны тіркелген, бұл өткен жылғыдан 0,8 пайызға көп.