Батыс Қазақстанда «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы жүзеге асырылмақ
ОРАЛ. Қазанның 2-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ арасында «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасын бірлесіп жүзеге асыру жөнінде меморандумға қол қойылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Меморандумға қол қойған облыс әкімінің міндетін атқарушы Нұрлан Ноғаев пен «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқарма төрағасы Болат Мұқышев өңірде шағын және орта бизнесті дамыту бағытында бірігіп жұмыстануға уағдаласты. Рәсім барысында «Бизнес-Кеңесші» бағдарламасы бойынша дәріс алған оқытушыларға куәліктер тапсырылды.
Облысқа сапары кезінде Б.Мұқышев бірнеше өндіріс орнында болып, олардағы жұмыс барысымен танысты.