Батыс Қазақстанда бокстан кадеттер арасында мықтылар анықталды

ОРАЛ. Қаңтардың 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында бокстан 1993-1994 жылғы кадеттер арасында мықтылар анықталды,

Батыс Қазақстанда бокстан кадеттер арасында мықтылар анықталды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс біріншілігінде өз салмақтарында жеңімпаз атанғандармен қатар жекелеген аталымдар бойынша да үздіктер марапатталды. Атап айтқанда, оралдықтар Жәнібек Әжібаев ? үздік боксшы, Бақытжан Қонарбаев ? үздік техникасы үшін, теректілік Елжас Ғұмаров - жеңіске деген жігері үшін аталымдарын иеленді. Жарыс қорытындысына сәйкес облыс құрамасы жасақталып, үздіктер Алматы қаласында өтетін республика чемпионатына қатысады.