Батыс Қазақстанда болған өрттен 80 қой жанып кетті

ОРАЛ. 21 тамыз. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат бұдан бұрын хабарлағанындай, 16 тамыз күні БҚО-ның Теректі, Ақжайық аудандарында дала өрті орын алды.

Батыс Қазақстанда болған өрттен 80 қой жанып кетті

Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, өрт 4 мыңдай гектар аумақты қамтыған. Өрт үшінші күн дегенде сөндірілген. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға басқа техника, адам күшімен қатар ҚР ТЖМ «Қазәуеқұтқару» АҚ-ның 1 тікұшағы қатыстырылды.

Өрт салдарынан Ақжайық ауданының Қабыршақты ауылдық округі аумағында «МТВ-Ноғай» шаруа қожалығының қорасында тұрған 80 бас қой жанып кетті.