Батыс Қазақстанда болған жол апатынан екі адам көз жұмды

ОРАЛ. Қаңтардың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Орал-Саратов автожолының 61-шақырымында ірі жол оқиғасы орын алып, үш автокөлік соқтығысқан,

Батыс Қазақстанда болған жол апатынан екі адам көз жұмды
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінен түскен мәліметке қарағанда, жол апатынан 9 адам жарақаттанған. Бір адам сол жерде қаза тапса, екіншісі кейін ауруханада көз жұмған.