17:49, 27 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда «Даму-Аймақтар» бағдарламасына сәйкес 65,4 млн. теңгеге бес жоба қаржыландырылды
ОРАЛ. Ақпанның 27-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында қазіргі кезде жүзеге асырылып жатқан «Даму-Аймақтар» бағдарламасына сәйкес 65,4 млн. теңгеге бес жоба қаржыландырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Үкімет қолға алып отырған тұрақтандыру шаралары аясында бірінші траншқа сәйкес БҚО бойынша 2,8 млрд. теңгеге 157 жоба қаржыландырылса, оның екінші кезеңінде 97 жоба 4,4 млрд. теңгеге бағаланды. «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының аймақтық филиалы бұл бағыттағы жұмысты алда да жалғастырмақ. Қазіргі кезде өңірде тіркелген шағын кәсіпкерліктер саны 27 мыңнан асады. Бұл ретте ауыл кәсіпкерлері банктен несие алудың қиындығын алға тартады. Мұндағы басты себеп ? екінші деңгейдегі банктердің кепілге қойылатын жылжымайтын мүліктің қалада болуын талап етуі.
«Атамекен» одағы Қазақстан ұлттық экономикалық палатасы заңды тұлғалар бірлестігі БҚО филиалының директоры Айнагүл Ақашаеваның пікірінше, шағын және орта кәсіпкерлікті тексеруге мораторийдің жариялануы кәсіпкерлердің өз ісін одан әрі дамытуына жол ашып отыр.