Батыс Қазақстанда денсаулық сақтау саласын мемлекет тарапынан қолдау жыл сайын ұлғайып келеді

ОРАЛ. Ақпанның 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласын мемлекет тарапынан қолдау жыл сайын ұлғайып келеді.
None
None
Бұл туралы Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылында өткен облыстық денсаулық сақтау басқармасының көшпелі мәжілісінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Басқарма бастығы Қамидолла Ирменовтің сөзіне қарағанда, 2008 жылы облыстың денсаулық сақтау бюджеті 28,6 пайызға өссе, сондай-ақ республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі де 17 пайызға артты. «100 мектеп, 100 аурухана» бағдарламасына сәйкес республикалық бюджет есебінен алты нысанның құрылысы басталса, сондай-ақ алдағы үш жылда аудан-ауылдарда 15 дәрігерлік амбулатория салу, Ақсай қаласында 500 келушіге арналған емхана, Оралға қарасты Зашаған кентінде тағы бір үлкен емхана салу көзделіп отыр. Өңірдегі демография жағдайы жаман емес, табиғи өсім бар. Керісінше жалпы өлім көрсеткіші 10,9 пайыздан 9,4 пайызға түскен. Әлеуметтік кесел ? туберкулез ауруы да 10 пайызға төмендеді. Дегенмен медицина саласында шешілмеген мәселелер де жоқ емес. Айталық, өткен жылы облыста 362 дәрігер маман жетіспесе, мұны жергілікті әкімдіктермен бірлесіп шешу қолға алынды. Сондай-ақ екіқабат әйелдер арасында қаныаздық азаймай отыр, ана мен бала өлімі де кездеседі. Аталмыш жиында медицина мәселелері кеңінен талқыланып, басты міндеттер белгіленді.
Соңғы жаңалықтар