Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер бар

ОРАЛ. 16 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер бар.

Батыс Қазақстанда денсаулық сақтау саласында оң өзгерістер бар

Облыс әкімі Нұрлан Ноғаевтың айтуынша, тәуелсіздік жылдарында Қазақстан Республикасында және Батыс Қазақстан облысында  76 жаңа денсаулық сақтау нысандары салынды, медициналық құрылғылардың паркі жаңартылды.

Соңғы 10 жылда бала туу көрсеткіші 35 пайызға өсті, тұрғындардың жалпы өлім-жітімі 9 пайызға төмендеді.

Осы уақыт аралығында денсаулық сақтау саласын қаржыландыру 10 есеге артты.

Батыс Қазақстанда жоғары медициналық технологияларды дамыту үшін барлық жағдай жасалып жатыр.

Өткен жылы бірқатар жоғары технологиялық көмек көрсетілді. Атап айтқанда, 1484 кардиохирургиялық, 40-қа жуық  буындарды энтопротездеу, 7 жедел нейрохирургиялық оталары жасалды.

Өңірде денсаулық сақтау саласының оң серпіні сақталып отыр, биылғы жылдың алғашқы жартыжылдығында бала туу көрсеткіші 1000 тұрғынға шаққанда 8,1 дейін, яғни 5,5 пайызға артты. Ең бастысы, ана өлімі тіркелген жоқ. Туберкулезбен сырқаттану 13 пайызға, ал оның салдарынан болатын қайғылы жағдай 40 пайызға кеміді.