17:41, 05 Наурыз 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда діни жат ағымдарға тосқауыл қою мақсатында шаралар ұйымдастырылуда
ОРАЛ. Наурыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында діни жат ағымдарға тосқауыл қою мақсатында шаралар ұйымдастырылуда,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыстық ішкі саясат басқармасы үкіметтік емес ұйымдар және діни бірлестіктермен жұмыс бөлімінің бастығы Жамал Иқсанованың айтуынша, биыл жыл басынан бері Орал қаласындағы барлық орта мектептерде, жоғары және арнаулы орта оқу орындары студенттері арасында діни экстремизмнің алдын алуға бағытталған шаралар өткізілді. Мұндай кездесулер №5517 әскери бөлімі жас сарбаздарымен, РУ-170/1 мекемесінде жазасын өтеушілермен, облыстың барлық аудандары мен кейбір ауылдық округтер тұрғындарымен де ұйымдастырылды.
Қазіргі кезде облыс аумағында 76 діни бірлестік тіркелген. Соның 43-і ? мұсылмандық, 14-і православиелік, 14-і ? протестанттық бағытта болса, бір-бірден католик, буддистік, ескі жора православие шіркеуі, көне діни әдет-ғұрып шіркеуі, «Бахаи» бірлестігі бар.