16:11, 28 Желтоқсан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша бөлінген қаржы толықтай игерілді
ОРАЛ. Желтоқсанның 28-і. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстанда «Дипломмен ауылға» жобасы бойынша бөлінген 46 млн. 341 мың теңге толықтай игерілді.

Бұл туралы облыстық жастар мәслихатының ХVІІ сессиясында облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының бөлім бастығы Райса Еркеғалиева мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Оның сөзіне қарағанда, 506 жас маман ауыл-аймаққа тұрақтаса, 464-і әлеуметтік қоржынға ие болған. Олардың 397-сі - мұғалім, 67-сі - дәрігер, 10-ы - әлеуметтік сала қызметкері, 30-ы - мәдениет, екеуі - спорт маманы. Ауылға әлі 610 маман қажет.
Сессияда сондай-ақ басқа да бағдарламалардың сәтті жүзеге асырылып жатқаны айтылды. Сонымен қатар студенттерді жолақы жеңілдіктерімен қамтуда кедергі болып отырған жайттарды жою қажеттігі де сөз болды.