Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда егістік алқабының 33,6 пайызы күйіп кетті

ОРАЛ. 10 тамыз. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында биылғы дәнді дақылдар алқабы 407,9 мың гектарды құрады, бұл өткен жылғыдан 13,9 мың га артық.

Батыс Қазақстанда егістік алқабының 33,6 пайызы күйіп кетті

Облыс әкімінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, аудандардың көпшілігінде қалыптасқан ауа температурасының жоғарылығы (+41 градусқа дейін) және вегетация кезеңінде қажетті мөлшердегі ылғалдың түспеуі дәнді дақылдардың өсіп-жетілуіне кері әсерін тигізді. Облыс бойынша алдын ала алынған мәліметтерге қарағанда 136,9 мың га дәнді дақылдар (егістіктің 33,6 пайызы), соның ішінде 8,7 мың га күздік дәнді дақылдар және 128,2 мың га жаздық дәнді дақылдар күйіп кетті.

Бөрлі ауданы бойынша 24,6 мың га немесе 56,4 пайыз дәнді дақылдар есептен шығарылса, Сырым ауданы бойынша бұл көрсеткіш 22,1 мың га немесе 54,3 пайызды құрады.

271,1 мың га жиналатын алқаптан өнімділігі 4,1 ц/га-дан, жалпы өнімі 111,7 мың тонна (бункерлік салмақта) көлемінде астық жиналады деп болжануда. Алынған астық көлемі облыс бойынша қажетті 42,9 мың тонна дәнді дақылдар тұқымын дайындауға (қажетті 48,7 мың тоннаның 88 пайызы),
41,2 мың тонна азық-түліктік астықты қамбаға құюға (қажетті 104 мың тоннаның 39,3 пайызы) және 22,0 мың тонна жемдік астық дайындауға (қажетті 192,7 мың тоннаның 11,4 пайызы) мүмкіндік береді.

Облыс шаруашылықтары шілденің аяғында күздік дәнді дақылдарды жинауды аяқтады, 54,3 мың га бастырылып, облыс бойынша орташа өнімділік 10,2 ц/га құрады. Жоғары өнімділік Зеленов ауданында 29,3 мың га алқаптан 12,4 ц/га және қала маңындағы аймақтардан 2,5 мың га алқаптан 10,3 ц/га алынды.

Қала маңындағы «Қайрат» ШҚ 750 га күздік қара бидайдан 18 ц/га-дан алса, Зеленов ауданының «Матевосян» ШҚ Куйбышевка сортты күздік бидайдың 3590 га алқабынан 27 ц/га-дан өнім алып, шаруашылықтар арасында үздік болды.

Бүгінде облыс шаруашылықтары жаздық дәнді дақылдарды ору жұмыстарын жүргізуде. Арпа бойынша орташа өнімділік 3,5 ц/га және жаздық бидай бойынша 3,8 ц/га құрайды.

Жалпы, облыс бойынша 149,0 мың га немесе жиналуға тиісті егістік алқаптың 88 пайызы орылып, орташа өнімаділік 6,0 ц/га құрады, 89,4 мың тонна астық жиналды, оның ішінде 66,2 мың тонна бидай (74 пайыз).

Биылғы 10 тамыздағы жағдай бойынша егін еккен 450 шаруашылықтың 293-і 136,9 мың га дәнді дақылдар егісін есептен шығарды, оның ішінде сақтандырылғаны - 129,2 мың га немесе 95 пайыз.

Қолайсыз ауа райына байланысты дәнді дақылдар егісі аласа болып шықты. Сондықтан тікелей ору әдісі қолданылуда.

Егін жинау жұмыстарына 535 комбайн, соның ішінде 98 өнімділігі жоғары «Джон Дир», «Нью-Холланд», «Класс», «Мега-350», «Кейс», «Вектор» комбайндары  қатысуда.

Ауа райы қолайлы болып тұрса, науқан 25 тамызда аяқталмақ.

Астық жинау және күзгі далалық жұмыстарға жасалынған шартты кесте бойынша Атырау мұнай өңдеу зауыты арқылы 14 мың тонна дизель отыны бөлінді, ол шілде айына 3 мың тонна, тамыз айына 6 мың тонна, қыркүйек айына 5 мың тонна.

 «ҚазМұнайГаз өнімдері» АҚ оператор болып белгіленді, Орал қаласы мұнай базаларындағы дизель отынының 1 литрінің бағасы 80 теңгені құрайды. Оператор қаладағы мұнай базаларына 3,5 мың тонна дизель отынын әкелді, оның 1,5 мың тоннасы ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерімен сатылып алынды.

Шілде айында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге жанар-жағар май және басқа да тауарлы материалдық құндылықтардың бағасын ішінара арзандатуға 403,0 млн. теңге көлемінде демеуқаржы төленді. Бұдан басқа сатылған дәнді дақылдардың элита тұқымы үшін республикалық бюджеттен 4,7 млн. теңге және тұқым шаруашылығын дамытуға облыстық бюджеттен 75,9 млн теңге, барлығы 483,6 млн. теңге берілді. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерге дизель отыны мен басқа да материалдық-техникалық ресурстарды сатып алуға мүмкіндік туғызады.

Облыста сақтау сыйымдылығы 607,8 мың тонналық аттестатталған 10 астық қабылдау кәсіпорны мен элеваторы бар. Қазіргі уақытта сыйымдылығы 559,8 мың тонналық 9 астық қабылдау кәсіпорны мен элеватор астық қабылдау дайындығына тексеруден өтті. 8 тамыздағы жағдай бойынша элеваторлар мен астық қабылдау кәсіпорындарында 389,4 мың тонна астық сақталуда (толтырылуы - 64 пайыз), соның ішінде «Азық-түлік келісім шарт корпорациясы» АҚ - 346,7 мың тонна.