Батыс Қазақстанда екі халықаралық, бір аймақтық есірткі тасымалының жолы кесілді

ОРАЛ. Қаңтардың 13-і. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы екі халықаралық, бір аймақтық есірткі тасымалының жолы кесіліп, бес есірткі сатушы тобы жойылды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР ҰҚК БҚО бойынша департаментінен түскен мәліметке сілтеме жасап. Жыл ішінде 36 киләдан астам есірткі, соның ішінде 16,2 килә героин, 19,2 килә гашиш, 1 килә марихуана заңсыз айналымнан алынды. 13 қылмыстық іс қозғалып, 14 адам ұсталса, соның 9-ы сотталды. Мәселен, ерлі-зайыпты Николай, Тамара Макимовтар 5 және 10 жылға сотталды. Олар (екеуі де сыған) ұзақ уақыт бойы героинді Орынбор облысынан әкеліп, Оралда өткізіп отырған. Ал Ж.Нұров пен Ресей азаматы А.Осипкин есірткіні Подстепныйдан алып, Атырауға асырған. Бұлар да 5 жылға бас бостандықтарынан айрылды. Жедел іздестіру шаралары барысында Оралдан Самараға есірткі тасымалдаумен айналысқан батысқазақстандық пен ресейлік азамат ұсталды. Сондай-ақ Қырғызстаннан Ресейге есірткі тасымалдау арнасының жолы кесілді. Қырғызстандық азаматтың «Опель Вектра» автокөлігіндегі жүксалғыштан 12 килә героин, 19 килә гашиш табылды. Бұл «жүктің» иесі оның отандасы болып шықты, ол да көп ұзамай құрықталды.
Соңғы жаңалықтар