14:15, 20 Қаңтар 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда елді мекендерді газдандыруға 872 млн. теңге бөлу көзделіп отыр
ОРАЛ. Қаңтардың 20-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында биыл елді мекендерді газдандыруға 872 млн. теңге бөлу көзделіп отыр,

деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінен түскен мәліметке сілтеме жасап.
Бөкей ордасы ауданындағы газ құбырларының құрылысы аяқталады. Қарашығанақ-Орал газ құбырының құрылысы одан әрі жалғасатын болады. Бұл ретте жыл аяғына дейін Сырым ауданына газ жеткізу қарастырылмақ. Одан кейін Қаратөбе ауданына да газ құбыры тартылатын болады.
Облыс әкімі Бақтықожа Ізмұхамбетовтің айтуынша, таяу жылдары өңірдің ірі елді мекендерін түгелдей газдандыруға күш салынатын болады. Әсіресе, шалғай аудандар ұмыт қалмақ емес.