Батыс Қазақстанда елді мекендердің сәулет-келбетін жақсарту мақсатында аймақтық бағдарлама жүзеге асырылуда

ОРАЛ. Ақпанның 12-сі. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында елді мекендердің сәулет-қала құрылысы келбетін жақсартудың аймақтық бағдарламасы биыл қорытындыланатын болады,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық сәулет және қала құрылысы басқармасынан түскен мәліметке қарағанда, 2007-2009 жылдарға барлығы 452,12 млн. теңге қаралған болатын. Бастапқы жылы ? 141,6 млн., өткен жылы 133,92 млн. теңгенің жұмыстары атқарылса, биылға 176,6 млн. теңге көзделген. Өткен жылдары ауылдардың бас жоспарларын жасау қолға алынды. Биыл қосымша 128,8 млн. теңге бөлу ойластырылуда. Өйткені жеке тұрғын үй құрылысының қарқынды жүруіне және білім беру, денсаулық сақтау, мәдени-тұрмыстық нысандарды, көліктік және инженерлік коммуникацияларды орналастыру үшін Орал қаласына бос аумақтарды қосу көзделуде. Сондықтан қаланың бас жоспарына түзетулер енгізіледі. Сондай-ақ Орал қаласының мемлекеттік қала құрылысы кадастрын бітіру үшін инженерлік-іздестіру жұмыстарына 44,82 млн. теңге қажет.
Соңғы жаңалықтар