20:46, 25 Сәуір 2014 | GMT +5
Батыс Қазақстанда электр сымына соғылған 13 ірі қара шығынға ұшырады
ОРАЛ. ҚазАқпарат - Тасқала ауданы Амангелді ауылдық округінде электр сымына соғылған 13 ірі қара шығынға ұшырады.
Амангелді ауылдық округінің әкімі Қазыбек Жұмагереевтің айтуынша, олардың бәрі де ауыл тұрғындарының өріске шыққан малы. Энергетиктердің сөзіне қарағанда, кешегі қатты желдің әсерінен электр сымы үзілген.
Қазіргі кезде комиссия оқиғаның себеп-салдарын анықтау үстінде.