Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Батыс Қазақстанда етті сапалы өндіруге мүмкіндік бар - И.Жұмабаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары

ОРАЛ. 1 ақпан. ҚазАқпарат /Елжан Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында Елбасы Жолдауына сәйкес етті сапалы өндіруге мүмкіндік бар.

Батыс Қазақстанда етті сапалы өндіруге мүмкіндік бар - И.Жұмабаев, облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары

Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары Исмадияр Жұмабаевтың айтуынша, өңірде жыл сайын 38 мың тоннадай ет өндіріледі. Ішкі және сыртқы нарықта бәсекеге қабілетті болу үшін Елбасы Жолдауына орай нақты шаралар алу қажет. Бұл бағытта Зеленов ауданы Янайкин ауылында 8640 басқа арналған мал бордақылау кешені іске қосылса, «Күбілей», «Жайық ет» ЖШС секілді мекеме-кәсіпорындар қарымды іс-қимылға көшті. Зеленов ауданы Щапов ауылында 12 мың басқа арналған шошқа фермасы да салынып жатыр. «Сонымен қатар еділбай қойы мен көшім жылқысының санын көбейтіп, сапасын арттыру да - күн тәртібінен түспейтін мәселе. Жалпы, түлік атаулыны меншік түріне қарамастан, жүйелі асылдандыру - облыстың мал шаруашылығын жаңа белеске көтеретін аса маңызды фактор», деді И.Жұмабаев.