12:25, 25 Ақпан 2009 | GMT +5
Батыс Қазақстанда Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай мерейтойлық шаралар ұйымдастырылды
ОРАЛ. Ақпанның 26-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - БҚО-ның Зеленов ауданы орталығы Переметный ауылында Ғ.Құрманғалиевтің 100 жылдығына орай мерейтойлық шара ұйымдастырылды,
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Атақты әншіге арналған кеште елімізге танымал орындаушылар, Қазақстан еңбек сіңірген мәдениет қызметкері, айтыскер ақын Қатимолла Бердіғалиев, республикалық байқаулардың лауреаты Серік Әбдірахманов Ғарекеңнің репертуарындағы туындыларды көрермен назарына ұсынды. Сондай-ақ әнші ғұмырынан тағылымды әңгімелерді де айтып берді. Кеште Қ.Бердіғалиевтің шәкірттері де өнер көрсетті.
Аудан әкімі Ғайса Қапақовтың айтуынша, осындай шаралар алдағы уақытта да жалғасатын болады.