Батыс Қазақстанда газбен қамту саласына 2,6 млрд. теңге жұмсалды

ОРАЛ. Қаңтардың 16-сы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Батыс Қазақстан облысында өткен жылы республикалық және жергілікті бюджеттен газбен қамту саласына 2,6 млрд. теңге жұмсалды,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыс әкімінің орынбасары Ербол Салықовтың сөзіне қарағанда, қазіргі уақытта облыс орталығы табиғи газбен түгел қамтылды, облыстың тоғыз ауданына желілік газ тартылды. Ауылдық елді мекендердің шамамен 29 пайызы экологиялық жағынан таза және экономикалық тұрғыда тиімді отын түріне көшірілді. Өткен жылы Жәнібек, Тасқала, Зеленов, Ақжайық аудандарының ауылдарын газдандыру жұмыстары жүргізілді. Қарашығанақ-Орал магистральды, сондай-ақ Бөкей ордасы ауданының Мұратсай, Сайқын ауылдарына газ құбыры салынуда. Бұдан басқа Бөрлі, Зеленов, Теректі, Тасқала аудандарында газ құбырларын тартудың жобалық-сметалық құжаттамалары жасалды.
Соңғы жаңалықтар