Батыс Қазақстанда халық саны 614 мыңға жуықтады

ОРАЛ. 14 мамыр. ҚазАқпарат - Батыс Қазақстан облысында 613,9 мың адам тұрса, соның 299 мыңы (48,7%) қаланы, 314,9 мыңы (51,3 %) ауылды мекен етеді.

Батыс Қазақстанда халық саны 614 мыңға жуықтады

Облыстық статистика департаментінен түскен мәліметке қарағанда, биылғы бірінші тоқсанда облыс халқы 1334, соның ішінде қалалықтар 1934 адамға көбейсе, есесіне ауыл тұрғындары 600-ге азайды.

Өңірде дүниеге келген сәбилер өткен жылға қарағанда көбейіп отыр. Айталық, бірінші тоқсанда 2899 нәресте өмір есігін ашты, бұл өткен жылғыдан 2,4 пайызға көп. Соның 1483-і немесе 51,2%-ы Орал қаласында дүниеге келді.

Облыста үш айда 1434 адам өмірден өтті, бұл өткен жылғыдан 67-ге немесе 4,5 пайызға аз.