Батыс Қазақстанда халықаралық әйелдер күні мерекесі кеңінен тойланбақ
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Облыс орталығы Орал қаласында наурыздың 5-інде Жастар мәдениет үйінде «Аналар өсиеті» атты шара, А.Островский атындағы облыстық орыс драма театрында мерекелік концерт болса, кітапханаларда кітап көрмелері, әдеби-сазды кештер өтеді. Наурыздың 8-інде облыстық перинаталдық орталықта дүниеге келген сәби аналарын қала басшысы құттықтайды. Облыс көлемінде осындай шаралар кеңінен ұйымдастырылып отыр.
Өңірде қоғамдық-саяси өмірге әйелдер белсене араласып келеді. Облыс әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, мемлекеттік қызметшілердің тең жартысынан астамы әйелдер болса, 23 әйел - түрлі деңгейдегі мәслихат депутаттары, біреуі - облыстық басқарманың басшысы, үшеуі - аудан әкімінің орынбасары, екеуі аудандық мәслихат хатшысы қызметін атқаруда.