Батыс Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балаға қуаныш сыйлайық» атты шара өткізілді

ОРАЛ. Мамырдың 29-ы. ҚазАқпарат /Ғайсағали Ералы/ - Оралда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балаға қуаныш сыйлайық» атты шара өткізілді,

Батыс Қазақстанда Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Балаға қуаныш сыйлайық» атты шара өткізілді
деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Облыстық балалар құқығын қорғау департаменті ұйымдастырған шаралар №15 көмекші мектеп-интернаты мен «Жас дәурен» балалар кешенінде болды. Мұның бір ерекшелігі, оған Теректі және Сырым аудандары әкімдіктерінен және білім бөлімдерінен өкілдер қатысып, тарту-таралғылар жасады. Атап айтқанда, балалар кітаптары сыйға тартылып, балдырғандар назарына аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасы ұсынылды.